dc.description.abstract |
Мақалада студенттік кезеңдегі тұлғалық дамуының ерекшеліктері қарастырылады.
Тұлғалық дамудың психология ғылымдарындағы анықтамалары мен мән-мағынасы, әдіснамалық
негіздері мен теориялары, көрсеткіштері мен өлшемдері анықталып, мазмұндалды. Студенттердің
психологиялық дамуының басты шарты – тұлғалық іс-әрекеттің маңызы мен мазмұны, құрылымы
мен сипаты, психологиялық заңдылықтары мен механизмдері талданды. Мақалада тұлғаның
теориялық негізі, мәні, сонымен қатар тұлғалық дамуға әсерін қарайды. Психолог-педагогтардың
әдебиеттеріне талдау жасалды.
Студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық, когнитивтік, аффектік даму
салалары қарастырылды. Сонымен қатар олардың басты шарты болатын оқу-кәсіби іс-әрекеттің
анықталынуы, құрылымдары мен өзгешеліктері туралы білімдерді біртұтас жүйе ретінде
сипатталды.
Аталмыш мақалада студенттердің тұлғалық даярлығы олардың оқу-кәсіби іс-әрекетті жүзеге
асыруының, жетілдіруінің, психикалық және тұлғалық дамуының негізі ретінде тұжырымдалды. |
ru |