dc.description.abstract |
Мақалада тұлға қалыптасуының ең маңызды кезеңі болып табылатын жеткіншектер
жасындағы негізгі теорияларға назар аударылады. Жеткіншектердің психологиялық даму мәселелерін
қарастырған шетел және орыс ғалымдарының еңбектеріне, осы кезеңдегі бірқатар психологтар Г.С.
Холлдың рекапитуляция теориясы, Э. Шпрангердің мәдени-тарихи концепциясы, Э. Эриксонның
эпигенетикалық теориясы, Ж. Пиаженің когнитивті даму теориясы және т.б. теориялар тарихына шолу
жасалып, талқыланады. Мақалада жеткіншектік кезеңге өту барысында баланың жеке дамуына әсер ететін
жағдайлардың терең өзгерістері сипатталады. Олар ағзаның физиологиясының өзгеруінен бастап, жеткіншектерде ересек адамдармен және құрдастарымен қалыптасқан қарым-қатынасы, танымдық процестердің
дамуы, жаңа қызығушылықтардың пайда болуы, жеткіншек жастағы интеллектуалды даму, «ересектік
сезімнің» пайда болуы, өзіндік «Меннің» ашылуы және т.б. өзгерістер. Мақала соңында жеткіншек жастың
негізгі теорияларына жалпы қорытынды жасалған. |
ru |