Аннотации:
Аталмыш мақалада әскери іс-әрекеттегі әйелдердің тұлғалық-психологиялық
ерекшеліктерінің мәні мен мазмұны ғалым зерттеушілердің ой-пікірлеріне негізделіп қарастырылады.
Қазақстан Республикасынының Қарулы күштері алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын ескере отырып,
осы салада жұмыс ітейтін кәсіби мамандардың біліктілігі, физиологиялық дайындығы және тұлғалықпсихологиялық ерекшеліктерінің рөлі айрықша екендігіне баса көңіл бөлуді қажет ететін мәселелердің бірі
болып қала бермек.
Қазіргі таңда қыз балалар арасында әскери қызмет қатарына еніп, өз еліне адал қызмет атқарам
деушілер қатары жыл сайын артып келеді. Ал, әскери қызметтегі әйелдердің кәсіби қызметінің психологиялық
ерекшеліктері, олардың еңбек әрекетіне қаншалықты әсер ететіндігі және олардың әскери-кәсіби қызметтің
талаптарына сай болуы аса маңызды, әрі өзекті болып табылады.
Сондай-ақ, мақалада әскери іс-әрекеттегі әйелдердің тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін
анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілген. Зертеу жұмысына Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министірлігіне қарасты 42062 әскери бөлімінде қызмет ететін қыз-келіншектер
алынды. Зерттеу жұмысының басты мақсаты әскери салада қызмет ететін еңбек өтілімі аз және еңбек
өтілімі көп қыз-келіншектердің тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтау.