Аннотации:
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақстандық
медиакеңістіктің қазіргі жай-күйі мен тәрбиеге ықпалы қарастырылады. Балалардың медиаға
деген қызығушылығы, ата-аналардың көзқарасы және қазақстандық контенттің ерекшеліктері
талданады.
Зерттеу барысында сауалнама әдісі қолданылып, ата-аналар мен мамандардың пікірлері
сарапталды. Нәтижесінде, қазақ тіліндегі балалар контентінің шектеулі болуы, сапа деңгейінің
әртүрлілігі және оның тәрбиелік маңызы зерттелді. Сонымен қатар, шетелдік медиаөнімдердің
баланың дүниетанымына ықпалы да қарастырылды.
Алынған нәтижелерге сүйене отырып, қазақстандық балалар медиакеңістігін дамыту
үшін ұсыныстар берілді. Сапалы әрі тәрбиелік мәні жоғары медиаконтентті көбейту
қажеттілігі атап өтілді.