Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстан мен Ресей арасындағы ақпараттық ықпалдастықтың қазіргі
ахуалы мен оны дамытуға кедергі келтіретін мәселелер кешенді түрде қарастырылады.
Зерттеу барысында екі елдің ақпараттық саясатындағы ортақ сипаттар мен
ерекшеліктер, жалған ақпаратпен күрес жолдары, мәдени және тілдік тосқауылдар,
сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым мен заңнамалық база мәселелері сараланады. Ресми
мәліметтерге, сарапшылардың пікірлеріне және өзекті зерттеулерге сүйене отырып,
ықпалдастықты арттырудың нақты бағыттарын ұсынады. Мақалада ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде медиасауаттылықтың рөлі мен кәсіби
ынтымақтастықтың маңызына ерекше көңіл бөлінеді.