Аннотации:
Бұл мақалада интернет журналистиканың қалыптасу негіздері, дамуы
мен заманауи трендтері жан-жақты талданады. Қазақстандағы Қазнет кеңістігінің
қалыптасу кезеңдері мен қазақ тілді аудиторияның интернеттегі белсенділігі тарихи
тұрғыдан зерделенеді. Интернет платформалардың түрлері, блог форматтары, вебсайттарды оңтайландыру жолдары мен монетизация тетіктерін сараланып, дәстүрлі
журналистикадан айырмашылығын көрсетілді. Сонымен қатар блогерлік мәдениеттің
маңызы мен аудитория алдындағы жауапкершілік, медиасауаттылық, фактчекинг пен
ақпаратты верификациялау әдістерінің өзектілігі қарастырылады. Цифрлық медианың
болашағы мен қазақ тілді интернет журналистикасының даму келешегіне болжам
жасалады.