Аннотации:
Бұл мақалада оқушыларға экологиялық білім берудің маңыздылығы
қарастырылады. Қазіргі заманғы экологиялық мәселелердің артуы тұрақты даму қағидаттарын
ұстануды және экологиялық сауаттылықты ерте жастан қалыптастыруды талап етеді.
Экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа ұқыпты қарауын, жауапкершілігін
арттырып, қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын дамытуға бағытталған. Зерттеулер
көрсеткендей, мектеп бағдарламасына экологиялық тақырыптарды енгізу және практикалық
жобаларды жүзеге асыру оқушылардың экологиялық мәдениетін нығайтып, табиғатты
қорғауға деген белсенді ұстанымын қалыптастырады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибелерге
сүйене отырып, экологиялық білім берудің тиімді әдістері мен оқыту тәсілдері талданады. Бұл
зерттеу оқушылардың экологиялық санасын арттыруға ықпал ететін негізгі факторларды
анықтауға бағытталған.