| dc.description.abstract |
Бұл жұмыс куркумин негізіндегі флуоресцентті полимерлік
нанобөлшектердің эмиссиялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Куркуминнің молекулалық
құрылымы оның жарық сіңіру және флуоресценция шығару қасиеттерін анықтайды. Осы
зерттеу нәтижесінде, куркуминнің әртүрлі еріткіштерде (этанол, изопропанол, ацетонитрил,
ДМСО және су) флуоресценциялық спектрлері қарастырылған. Куркуминнің
флуоресценциялық қасиеттері еріткіштің полярлығына тәуелді болып, оның интенсивтілігінің
судың құрамына байланысты өзгеретіндігі анықталды. Қосымшалар мен эксперименттік
мәліметтер куркуминнің флуоресценциялық қасиеттерінің қолданылу мүмкіндіктерін
кеңейтуге мүмкіндік береді, атап айтқанда биомолекулаларды анықтау және бейнелеу
әдістерінде. |
ru |