Аннотации:
Мақалада 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау» білім беру бағдарламасының мазмұнына «Балалар мен жасөспірімдердің
суицидтік мінез-құлқының алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері» атты
оқу пәнін қосу арқылы тұлғаның суицидтік мінез-құлқының алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстардың мазмұны берілген. Атқарылған жұмыстың тиімділігін бағалау
нәтижелері «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде суицидтің әлеуметтік-педагогикалық алдын алу проблемаларын шешуге ғылыми үлес қосуға мүмкіндік берген. Ұсынылып отырған пәннің
мақсаты – жеке тұлғаның суицидтік мінез-құлқын алдын-алу бойынша жүйелі білімі
мен дағдылары бар, балалар мен жасөспірімдер арасында суицид мәселесін зерттеумен
байланысты міндеттерді заманауи ғылыми-практикалық, шығармашылық және жоғары кәсіби деңгейде шеше алатын болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлау.