БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЭМОЦИЯЛАРДЫ ТАНУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ

Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Мақалада компьютерлік көру және машиналық оқыту технологияларына
негізделген балабақшалардағы балалардың эмоционалды жағдайын бақылауға арналған
интеллектуалды жүйені әзірлеу барысы қарастырылады. Аталған жүйеде нақты уақытта
жұмыс жасайтын камерадағы бейне ағыны арқылы жеті негізгі эмоцияны (қуаныш, қайғы,
қорқыныш және т.б.) тану үшін нейрондық желі моделі қолданылды. Баланың көңіл-күйінде
қандай да бір көңілсіздік, я болмаса мазасыздық анықталған жағдайда (мысалы, ұзақ уақыт
аралағында бала көңілсіздік байқалса), жүйе автоматты түрде бейне фрагментін жазады және
ата-аналарға Telegram арқылы толық ақпаратпен хабарлама жібереді. Шешім деректерін және
хабарландыру параметрлерін оңай басқару үшін Django платформасымен біріктірілген.
Алгоритм тек ата-аналардың мақсатты эмоцияларын ескере отырып құрылды. Бұл атааналарға баласының эмоционалды әл-ауқаты туралы хабардар болуына көмектеседі.
