dc.description.abstract |
Онлайн оқыту, қашықтықтан оқыту - бүгінгі күнгі жалпы оқыту мен білім
берудің аса маңызды инновациялық, технологиялық, мотивациялық құралдарының бірі.
Сонымен қатар, онлайн оқыту, бүкіл әлемде коронавирустық пандемияның (COVID-19)
пайда болуына байланысты әлдеқайда танымал және ең тиімді оқыту тетігіне айналып
отыр. Дегенмен, әлемде оның негізгі аспектілері мен мүмкіндіктері жоғары деңгейде дамып, зерттелгенімен елімізде оның кейбір игерілмеген мәселелері мен қиындықтары бар
екендігін ескерген жөн. Ұсынылап отырған мақалада онлайн оқыту ұғымына отандық
және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жан-жақты талдау жасалып,
оның жағымды, жағымсыз ерекшеліктері зерттеледі. Мақала онлайн режимінде оқытудың тиімді тәсілдері арқылы ұтымды шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін
сауалнамалар мен сұрақ-жауаптарға сілтеме жасай отырып, кейбір кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтайды. Сауалнамалар мен сұрақ-жауаптар білім алушылармен қатар, оқытушылар арасында да өткізіліп, онлайн оқыту тәжірибесі, оның қиындықтары мен артықшылықтары туралы және онлайн оқыту мен дәстүрлі оқытуды
салыстырып, ақпарат алынады. Зерттеу соңында онлайн оқытуды жетілдіріп, сапасын
арттыру мен болашақтағы зерттеулер үшін бірнеше мәселелер ұсынылады. |
ru |