10-СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Бұл мақалада 10-сынып математикасы аясында инклюзивті білім берудің теориясы
мен практикасына сүйенген оқыту әдістемелері қарастырылады. Үйден оқитын, ерекше
білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың математика пәнін тиімді меңгеруіне жағдай
жасау үшін заманауи ғылыми негізделген тәсілдер ұсынылады. Зерттеу барысында
инклюзивті білім берудің Қазақстан және халықаралық тәжірибедегі теориялық негіздері,
үйден оқытудың ерекшеліктері мен қиындықтары, визуалды құралдарды және цифрлық
платформаларды пайдалану әдістері, сараланған тапсырмалар мен бейімделген бағалау
түрлері талданады. Әдістерді кешенді қолданудың оқушылардың математикалық
сауаттылығына әсері туралы ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, инклюзивті оқытудың
тиімді жолдары бойынша ұсыныстар беріледі
