ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ҮЙДЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУ
Аннотации
Мақалада оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуда үйдегі
эксперименттің маңыздылығы қарастырылған. Ғалымдардың еңбектеріне жасалған
шолулардан үйде жасалатын экспериментті тағайындау арқылы мектеп оқушыларын өз
бетімен білімдерін кеңейтуге болатыны айқындалды. Сонымен қатар бұл білім алушылардың
өзіндік жұмысының педагогикалық тиімді және қызықты әдістерінің бірі екендігі келтірілген.
Физика пәнінің негізі 7-сыныпта басталғандықтан, үйдегі эксперименттер пәнді саналы оқуға
ықпал ететіні, дербестік пен тапқырлыққа тәрбиелейді, жеке шығармашылық қабілеттерін,ақыл-ой белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын дамытатыны айтылған. Болашақ физика
мұғалімдері үшін 7-сынып физикасы бойынша үйде жасалатын эксперименттер тізімі
берілген.

