ОРТА МЕКТЕПТЕ НАНОТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Автор
Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
ХХ ғасыр білім беру жүйесінің дамуындағы бетбұрысты кезең болды. Оның мақсаттары
мен атқаратын міндеттері өзгерді. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы адам өмірінде
үлкен өзгерістерге әкелді. Сондықтан білім беру саласында қазіргі жетістіктерді бейнелеу
қажеттілігі туындады. Бұл әсіресе нанотехнологияға қатысты. Әлемнің жетекші елдері
нанотехнологиялардың әртүрлі экономикалық секторларды дамытудағы рөлін түсіне отырып,
оларды ұлттық басымдықтардың бірі ретінде таныды. Арнайы оқыту бағдарламалары
бекітіліп, оларды жүзеге асыруға қомақты қаржы бөлінді [1].
Жоғары білім беру жүйесінде физика пәні осы міндетті орындауға кең мүмкіндіктер
береді. Табиғат құбылыстары туралы ғылым ретінде физика қазіргі заманғы барлық
ғылымның негізі болып табылады. Оның адамзат жинақтаған білімнің жалпы жүйесінде
алатын орны ерекше. Физика бізге әлем құрылымының логикалық және нақты моделін аз ғана,
бірақ дәлелді эксперименттік қағидалар мен математикалық аппарат негізінде құруға
болатынын көрсетеді.
Физиканы пән ретінде болашақ физика мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар әр саланың
болашақ мамандары да оқиды. Біреулер үшін бұл кәсіп, біреулер үшін арнайы пәндерді
меңгеру үшін база немесе тек дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыратын пән. Барлық
жағдайда оның мазмұны ғылымның қазіргі дамуы мен жетістіктерін көрсетуі керек [1,2].
Осылайша, жағдайды кешенді түзету қажет. Нанотехнология саласында педагогикалық
және кәсіби кадрларды даярлаудан және орта мектептерде білім беру жүйесіне физика
пәндерінің мазмұнына нанотехнологияны енгізуден бастау керек.
