ҚАЗАҚ ПОСТФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУ ҰСТАНЫМДАРЫ

Автор
Дата
2025-11-14ISBN
978-601-385-142-6Аннотации
Мақалада қазақ постфольклорының жанрлық жүйесі және оның жаңа
медиадағы трансформациялық ерекшеліктері талданады. Постфольклор интернет, әлеуметтік
желілер және мультимедиалық платформаларда таралатын фольклорлық мәтіндердің жаңа
формасы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында қазақтілді киберкеңістікте кең тараған
тізбек хаттар, шағын ғибрат хикаялары, урбан-аңыздар, мемдер және музыкалық ремикстер
жанрлық, құрылымдық және функциялық тұрғыда талданды. Мақала постфольклордың
дәстүрлі фольклор элементтерін сақтай отырып, цифрлық кеңістікте қалай өзгеретінін, қандай
мәдени-коммуникативтік қызмет атқаратынын анықтайды.
