Аннотации:
Мақалада өздігінен ұйымдасу теориясы (синергетика) туралы жалпы түсінік
берілді. Синергетиканың әр түрлі салалары талданып, олардың зерттеу нысандары
айқындалды. Осы салалардың бірі ақпараттық синергетика қоғамдағы, жанды және
жансыз табиғаттағы ақпарат тарау, ақпарат алмасу және ақпараттық моделдеу
процестер қарастырады. Ақпараттық синергетика техникалық және ақпараттық интеллектуальды жүйелерді және ақпараттық процестердің және ақпараттық жүйедегі
элементтердің өзара әрекеттесуі заңдылықтарын зерттейді. Ақпараттық кеңістікте
өздігінен ұйымдасу процесінің жалпы принциптері және жүйелер арасындағы бірлескен
әрекетті қамтитын өздігінен ұйымдасудың метамоделі ашылды.