Репозиторий Dspace

Жоғарғы оқу орындарында қашықтан оқыту технологияларын қолданып оқу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Зулпыхар, Ж.Е.
dc.contributor.author Азамат, А.А.
dc.contributor.author Оразбаева, Б.А.
dc.date.accessioned 2023-06-30T03:38:02Z
dc.date.available 2023-06-30T03:38:02Z
dc.date.issued 2022
dc.identifier.issn 2616-6895
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/3285
dc.description.abstract Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында (ЖОО) қашықтан оқыту технологияларын қолданып оқу үдерісін ұйымдастыру жылдам дамып жатқаны жалпыға мәлім. Мақалада ЖОО-да оқу үдерісіне қашықтан оқыту технологияларын қолданудың әдіснамалық негіздері талқыланады. Сондай-ақ, қашықтан оқыту технологияларының қолдануға әсер еткен факторлар және оқу үдерісін ұйымдастыруындағы ерекшеліктер қарастырылады. Ақпараттық-технологиялық құралдардың (электрондық пошта, бейнеконференция, чат, форум, вебинар, онлайн-семинар) көмегімен оқу үдерісін оңайлатудың маңызы зор. Соңғы жылдарда қашықтан оқыту технологияларымен оқу үдерісін ЖОО-да ұйымдастыру түсінігі бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше сипатқа ие болды. Бұрын қашықтан оқыту дегеніміз тек бейне сабақтар көру, тапсырмалардан орындаудан тұрса, қазір бұл үдеріс ауқымдырақ және оңайлана түскен. Мақалада заман талабына сай ЖОО-да оқу үдерісін қашықтан оқыту технологияларымен ұйымдастырудың әдіснамалары қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі таңда ЖОО-да қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруда қандай әдістердің қарқынды дамып келе жатқаны және олардың қаншалықты тиімді екендігі айқындалады. Мақалада ЖОО-да оқыту жүйесінде қащықтан оқыту технологиясын қолдану бойынша отандық және шетелдік авторлардың еңбектеріне зерттеу жүргізіліп, жалпы жүйенің тиімділігі мен әдіснамасы зерттелді. Сондай ақ, қазіргі таңда қолданылып жатқан қашықтан оқыту технологияларына талдау жасалынады. Зерттеу жұмысында онлайн технологиялар болашақта кең көлемде қолданысқа және заманауи технологиялардың көмегімен қарқынды дамиды деген болжам жасалынады. Мақала тақырыбы қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламаларының оқу пәндерін жүзеге асыратын университет оқытушыларына, сондай-ақ жоғары білім беру мәселелеріне қызығушылық танытатындардың барлығына пайдалы болуы мүмкін. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject қашықтан оқыту ru
dc.subject онлайн технологиялар ru
dc.subject жоғарғы оқу орындары ru
dc.subject оқу үдерісі ru
dc.subject оқыту әдістері ru
dc.title Жоғарғы оқу орындарында қашықтан оқыту технологияларын қолданып оқу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись