БОЛАШАҚ ƏЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІ СЕРВИС-ЛЕРНИНГ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ВОЛОНТЕРЛІК ІС-ƏРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ОТАНДЫҚ ЖƏНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТƏЖІРИБЕСІ

Автор
Дата
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Аннотации
Мақалада болашақ əлеуметтік педагогтердің сервис-лернинг (технологиясы негізіндегі
волонтерлік іс-əрекетке кəсіби даярлығы құзыреттілікке негізделген, тұлғаға бағдарланған жəне тəжірибеге
негізделген білім беру парадигмасы контексінде қарастырылады. Зерттеуде Қазақстандағы волонтерлік
қозғалыстың институционалдану үдерісі ресми статистикалық деректер негізінде сипатталып, Финляндия мен
АҚШ сияқты елдердегі сервис-лернингтің теориялық-концептуалдық модельдері жəне əлеуметтік педагогика
дəстүрі аясында қалыптасқан халықаралық тəжірибемен салыстырмалы талданады. Сервис-лернингтің
болашақ əлеуметтік педагогтің кəсіби құзыреттілігін, азаматтық жауапкершілік пен рефлексивтік практика
мəдениетін дамытудағы əлеуеті ғылыми тұрғыда негізделіп, жоғары білім беру бағдарламаларына
интеграциялау бойынша практикалық ұсынымдар ұсынылады.
