КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ЖƏНЕ ГИБРИДТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Дата
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Аннотации
Бұл мақалада академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алатын
шетелдік студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытудағы цифрлық жəне гибридтік оқыту
технологияларының рөлі қарастырылады. Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, шетелдік студенттердің
жаңа академиялық ортаға бейімделуі тек тілдік дайындыққа емес, сонымен қатар мəдениетаралық
жəне коммуникациялық құзыреттіліктерге тəуелді. Кіріспе бөлімі академиялық ұтқырлықтағы
коммуникацияның теориялық негіздерін сипаттап, шетелдік студенттердің бейімделу ерекшеліктерін
талдаса, келесі кезеңдерде цифрлық жəне гибридтік оқыту технологияларының студенттердің
коммуникациялық белсенділігін арттырудағы əлеуетін, синхронды жəне асинхронды
коммуникацияның рөлін көрсетеді. Мақала шетелдік студенттердің академиялық жəне əлеуметтік
бейімделуін қолдайтын педагогикалық құралдар мен əдістемелерді зерттеу мақсатында жазылды.
