ЦИФРЛЫҚ ТƏУЕЛДІЛІК ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТЕНУІ

Authors
Date
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Abstract
Мақалада XXI ғасыр жағдайындағы цифрлық технологиялардың жоғары сынып
оқушыларының əлеуметтену процесіне ықпалы қарастырылады. Цифрлық орта жасөспірімдердің
коммуникативтік, эмоционалдық жəне құндылықтық дамуына əсер ететін маңызды əлеуметтік институт
ретінде сипатталады. Цифрлық тəуелділіктің əлеуметтік оқшаулану, бетпе-бет қарым-қатынас дағдыларының
əлсіреуі жəне виртуалды беделге бағдарлану сияқты салдарлары талданады. Сонымен қатар оның білім алу мен
кəсіби бағдарланудағы оң мүмкіндіктері көрсетіледі. Зерттеу цифрлық тəуелділіктің алдын алу үшін отбасы,
мектеп жəне қоғам деңгейінде кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін негіздейді.
