Қазақстандағы қаржы даму институттарының инвестициялық портфеліне талдау жасау
Дата
2024ISSN
2789-43202789-4339
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Анализ инвестиционного портфеля финансовых институтов развития в Казахстане Analysis of the investment portfolio of financial development institutions in Kazakhstan
Аннотации
Мақалада Қазақстанда инвестициялық жобаларды қаржылан-дыру процесіне түбегейлі қатысатын, сонымен қоса, өте маңызды орын алтын қаржы даму институттарының бірі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қазіргі уақыттағы жай–күйі зерттелді. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайынының көтерілуіне зор әсерін тигізетін қаржы даму институты болып табылады және сол бағытта үлкен жұмыс жүргізу процесінде екендігін атап кеткен жөн. Оның атқарып жатқан рөлі мен маңызы Қазақстанда айтарлықтай бағалы. Авторлар «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ соңғы төрт жылдағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тікелей несиелеу шеңберінде кредиттік портфельдің жыл сайынғы мөлшеріне талдау жүргізді. Ресми статистикалық деректер негізінде негізгі он салалық құрылым бөлінісінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін берілген қарыздарға анағұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, сондай-ақ 2022 жылдың 2019 жылға және 2022 жылдың 2021 жылға қарағандағы өзгерістері салыстырмалы түрде талқыланды. Авторлар «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның кредиттік портфелінің сандық мәндегі өңірлік құрылымын ашты.
