ГАЖ технологиялары арқылы Ұлытау ұлттық саябағы аумағында туристік маршруттарды карталау
Дата
2024ISSN
2789-43202789-4339
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Картирование туристских маршрутов на территории национального парка Улытау на основе ГИС-технологий Mapping of tourist routes on the territory of the Ulytau National Park based on GIS technologies
Аннотации
Мақалада Ұлытау ұлттық саябағының сипаттамасы, оның табиғи ерекшеліктері мен айрықша көрікті орындары қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – ерекше тарихи орындарды инновациялық технологиялар арқылы анықтау негізінде туристік тәжірибені дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасау.
Туристердің күтімдерін ескере отырып, Ұлытаудағы экологиялық және тұрақты туризмнің қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиімдірек туристік маршруттар әзірленді.
ГАЖ әдістемесі шешім қабылдау, талдау және кеңістіктік ақпаратты визуализациялау үшін географиялық деректермен жұмыс істеуге пайдалы және жүйелі тәсілді ұсынады. Экотуризмде ГАЖ карталарын пайдалану бізге анағұрлым оңтайлы және қызықты маршруттарды әзірлеуге, инфрақұрылымды жақсартуға және туристер үшін неғұрлым ақпараттық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ұсынылған зерттеу мемлекеттік және жеке ұйымдарға, сондай-ақ туристік агенттіктерге экотуризмнің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін ГАЖ технологияларын пайдалану бойынша ұсыныстар береді. Әзірленген ГАЖ картасы саябақтың аумағы, объектілер мен маршруттардың орналасуы туралы мәліметтерді қарастырған, туристердің хабардарлығы мен бағдарлануын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе туристер үшін навигация, ашу және туризмдегі тарихи орындар мен көрікті жерлер туралы ақпарат алу саласында жаңа перспективалар ашады.
