Қазақстан туризмін тұрақты дамыту кеңістігіндегі ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұрасы
Дата
2024ISSN
2789-43202789-4339
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Нематериальное культурное наследие ЮНЕСКО в пространстве устойчивого развития казахстанского туризма UNESCO intangible cultural heritage in the space of sustainable development of tourism in Kazakhstan
Аннотации
Қазіргі таңда тұрақты туризмді қалыптастыру мен дамытуда мәдени мұраның, оның ішінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген материалдық емес мәдени мұраның рөлі орасан зор. Аталмыш мақалада Қазақстан туризмінің тұрақты түрде дамуына материалдық емес мәдени мұра элементтерінің әсері талданады. Сондай-ақ, ел туризмін тұрақты дамыту контекстіндегі материалдық емес мәдени мұраның әртүрлі аспектілерін, соның ішінде салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, қолөнерді, тілді, ән және би өнерін, ұлттық тағам дәстүрін қорғау және сақтау, сондай-ақ олардың туристерді тартудағы рөлі қарастырылады. Туристік әлеуетті ілгерілету және туризмнің заманауи түрлерін дамыту үшін материалдық емес мәдени мұраны сақтап, тиімді қолдану идеялары өзге елдердің тәжірибесін талдай отырып бағытталады. Қазақстанның ЮНЕСКО тізіміне енгізілген материалдық емес мәдени мұра әлеуеті мен мемлекеттік туристік индустрияны ілгерілету бағдарламаларын біріктіру арқылы туризмді дамыту жолдарына және кейбір материалдық емес мәдени мұра объектілерінің аталмыш тізімге енгізілмеу себептеріне талдау жасалынды. Осы мақсатта тақырып төңірегінде жазылған шет елдік ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне зерттеу жүргізіліп, статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, жүйелік тәсіл қолданылды. Нәтижесінде, ЮНЕСКО ресми мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы материалдық емес мәдени мұра сақталған аймақтар толықтай сипатталып, әлі де тізімге енгізілмеген мәдени мұра элементтеріне және оның тізімге кіре алмау себептеріне бірнеше дәлелдер келтірілді. Шет елдік ғалымдардың зерттеулерін зерделей отырып, Қазақстан туризмінің тұрақты дамуы үшін материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы туралы қорытынды жасалып, жаңа идеялар мен ұсынымдар тұжырымдалды.
