Қаржы даму институттарының қаржыландыру тетігінің Қазақстандағы кәсіпкерлікке тигізетін ықпалы
Дата
2024ISSN
2789-43202789-4339
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Влияние механизма финансирования финансовых институтов развития на предпринимательство в Казахстане The impact of the financing mechanism of financial development institutionson the entrepreneurship in Kazakhstan
Аннотации
Мақалада Қазақстандағы кәсіпкерліктің гүлденуіне тікелей әсер ететін қаржы даму институты зерттелген. Бұл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады. Біздің жасаған зерттеуімізге сүйенетін болсақ, осындай деңгейлі қаржы даму институтымен қаржыландырылған Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің белсенділігінің дамуын талдауы қарастырылған. Зерттеу жұмысы барысында, осы ұлттық мекеменің орта және шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруға ықпалы бағаланды, сонымен қоса, кәсіпкерлерге ұсынатын қаржылық қолдаудың түйінді тетіктері мен құралдары қарастырылды. Алынған нәтижелер кәсіпкерлікті қаржылық қолдауын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау үшін пайдаланылуы әбден мүмкін. Өйткені, зерттеу жұмысы нақты статистикалық деректерге негізделген.
Авторлар Қазақстан Республикасындағы қаржы даму институттарының шағын және орта кәсіпкерлікке бөлінген қаражаттын сапасы мен құрылымына кешенді талдау жүргізді. Зерттеудің маңызды аспектісіне қаржы даму институтымен бөлінген қаражатты елдің экономикасына пайда келтіру тиімділігін талдауы жатқыздырылады. Мақаладағы талдау мен жиналған деректер негізінде мемлекеттегі кәсіпкерлік позицияларын нығайту, қаржылық тетіктерін жақсарту үшін қаржылық ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануын көруге болады. Бұл өз кезегінде елдегі әлеуметтік және экономикалық айырмашылықтарды төмендетуге, тұрақты экономикалық өрлеуге әкеліп соғады.
