Цифрландыру жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудың басымдықтары
Дата
2026ISSN
2789-43202789-4339
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Приоритеты модернизации системы высшего образования Казахстана в условиях цифровизации Priorities of modernization of Kazakhstan’s higher education system in the context of digitalization
Аннотации
Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында жаңғыртудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ цифрлық трансформация үдерісінде жоғары білім берудің тиімділігін арттырудың заманауи тетіктерін айқындау.
Зерттеу барысында диалектикалық, дерексіз-логикалық, жүйелік, салыстырмалы және контент-талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар нормативтік-құқықтық актілерді, ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды талдау, статистикалық деректерді жалпылау және құрылымдық салыстыру тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі цифрландыру үдерістерінің қазіргі жай-күйіне талдау жүргізілді. Университеттердің академиялық және қаржылық автономиясын кеңейту, білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру және цифрлық инфрақұрылымды нығайту жоғары білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттары ретінде айқындалды. Сонымен қатар цифрлық технологиялардың білім сапасына, басқару тиімділігіне және университеттердің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы бағаланды.
Авторлар жоғары білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында жаңғырту елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы екенін атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері негізінде жоғары білім беру саласын басқарудың тиімді тетіктерін жетілдіру, цифрлық трансформацияны институционалдық тұрғыдан қолдау және адами капиталдың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалады. Қорытындылар – алынған нәтижелер білім беру саясатын жетілдіруде, университеттердің стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуде және адами капитал сапасын арттыруда қолдануға болады.
