Показать сокращенную информацию
Қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде болжаудың цифрлық және эконометриялық құралдары
| dc.contributor.author | Садуакасова, К.Ж. | |
| dc.contributor.author | Корабаев, Б.С. | |
| dc.contributor.author | Бейсенбай, А.С. | |
| dc.date.accessioned | 2026-11-02T09:56:43Z | |
| dc.date.available | 2026-11-02T09:56:43Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.identifier.issn | 2789-4320 | |
| dc.identifier.issn | 2789-4339 | |
| dc.identifier.other | DOI: https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-243-254 | |
| dc.identifier.uri | http://repository.enu.kz/handle/enu/33102 | |
| dc.description.abstract | Мақсаты. Кәсіпорындардақаржылық есептілік көрсеткіштерінің ақпараттық әлеуетін кеңейту негізінде кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін болжаудың тиімді интеграцияланған әдіснамасын әзірлеу, қаржылық болжауда қолданылатын заманауи цифрлық – эконометриялық құралдарды жүйелеу. Әдістері. Мақаланы зерттеу барысында ғылыми абстракция, салыстырмалы және жүйелік талдау, экономикалық-статистикалық талдау, регрессиялық талдау, уақыттық қатарлар модельдері және көпфакторлы экономикалық әдістер қолданылды. Аталған әдістерді ескере отырып, эконометриялық модельдердің параметрлерін бағалау, олардың статистикалық маңыздылығы мен дәлдігін тексеру, деректерді өңдеу мен талдаудың автоматтандырылған жүйелері, бизнес-аналитика платформалары және машиналық оқыту элементтері пайдаланылды. Нәтижелері. Жалпы қаржылық есептілік көрсеткіштерінің сапалық сипаттамалары: сенімділігі, толықтығы және салыстырмалылығы бағаланады. Олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы және кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін бағалаудағы рөлі айқындалады. Осы негізде қаржылық есептілік деректерін трансформациялау және интеграциялау арқылы қаржылық нәтижелерді болжау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсіл ұсынылады. Зерттеу нәтижелері қаржылық және басқарушылық есеп деректерін біріктіру ақпараттық асимметрияны төмендетіп, болжау нәтижелерінің сенімділігін арттыратынын көрсетті. Цифрлық аналитикалық құралдарды пайдалану кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, тәуекелдерді басқару және стратегиялық шешімдердің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейтетіні дәлелденді. Қорытындылар. Келтірілген әдіснамалық тәсіл кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерін болжаудың ғылыми-практикалық негізділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері қаржылық есептіліктің ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық трансформация жағдайында аналитикалық әлеуетті арттыруға және деректерге негізделген басқару жүйесін қалыптастыруға әдістемелік негіз болып табылады. | ru_RU |
| dc.description.sponsorship | Жалпы зерттеу қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде болжаудың цифрлық-эконометриялық құралдарын жетілдіру мәселелеріне арналды. Авторлар зерттеу барысында қолдау көрсеткен әріптестерге, сарапшыларға және рецензенттерге алғыс білдіреді. | ru_RU |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | №3; | |
| dc.subject | қаржылық есептілік | ru_RU |
| dc.subject | қаржылық көрсеткіштер | ru_RU |
| dc.subject | эконометриялық модельдеу | ru_RU |
| dc.subject | қаржылық болжау | ru_RU |
| dc.subject | цифрлық талдау | ru_RU |
| dc.subject | регрессиялық талдау | ru_RU |
| dc.subject | бизнес-аналитика | ru_RU |
| dc.subject | инвестициялық тартымдылық | ru_RU |
| dc.subject | басқарушылық шешімдер | ru_RU |
| dc.title | Қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде болжаудың цифрлық және эконометриялық құралдары | ru_RU |
| dc.title.alternative | Цифровые и эконометрические инструменты прогнозирования на основе показателей финансовой отчетности | ru_RU |
| dc.title.alternative | Digital and Econometric Forecasting Tools Based on Financial Reporting Indicators | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |
