Показать сокращенную информацию

dc.contributor.authorОспанова, Г.
dc.contributor.authorМылкайдаров, А.
dc.contributor.authorСансызбаева, А.
dc.date.accessioned2026-11-03T11:15:51Z
dc.date.available2026-11-03T11:15:51Z
dc.date.issued2026-03-31
dc.identifier.otherDOI: https://doi.org/10.32523/3107-278X-2026-154-1-135-153
dc.identifier.urihttp://repository.enu.kz/handle/enu/33154
dc.description.abstractҚазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы соңғы жылдары Еуразия кеңістігіндегі қарқынды дамып келе жатқан ірі қалалардың бірі ретінде сипатталады. Урбандалу үдерісінің күшеюі, халық санының өсуі және тұтыну нарығының кеңеюі елорда мен оған іргелес аумақтарда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін арттыра түсуде. Ірі қалалар мен агломерациялар халқын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру қаланың айналасында мамандандырылған ауыл шаруашылығы аймақтарын қалыптастыруды, өндіріс көлемін ұлғайту мен ауыл шаруашылығын интенсификациялау бағыттарын іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты елорданы отандық азық-түлік тауарларымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қаланың өзінде және одан 300 км радиуста орналасқан Ақмола мен Қарағанды облыстарындағы кәсіпорындар мен шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін, әсіресе шикізат базасын дамытуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар салу, сақтау және логистика инфрақұрылымын күшейту, сондай-ақ астана маңында жоғары сапалы өнім өндіруге бағдарланған азық-түлік белдеуін қалыптастыру стратегиялық тұрғыдан маңызды. Мақалада Астана қаласы маңы аумағын дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттары қарастырылып, азық-түлік белдеуінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін негізгі факторлар жүйеленеді. Зерттеудің мақсаты – Астана маңы жағдайы мен табиғи, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық ресурстардың оңтайлы үйлесімімен ерекшеленетін Астана қаласының азық-түлік белдеуі аймағын дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтау және оның әлеуетіне баға беру. Зерттеу барысында салыстырмалы-географиялық талдау, статистикалық деректерді жүйелеу және картографиялық тәсілдер қолданылып, кәсіпорындардың аумақтық орналасу ерекшеліктері бағаланды. Облыста республика бойынша теміржол бағыттарының ең жоғары тығыздығы тіркелген. Сонымен бірге даму шарттарының күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен кедергілері сараланып, аумақтың әлеуметтік-экономикалық SWOT-талдауы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Ақмола облысының Бурабай, Қорғалжын, Аршалы және Ақкөл аудандары одан әрі дамыту үшін абсолютті басымдықтарға ие аумақтар ретінде айқындалды. Алынған қорытындылар елорданың азық-түлікпен қамтылуын арттыруға, агроөндіріс пен өңдеу саласын дамытуға және өңірлік агрологистика жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.ru_RU
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіru_RU
dc.relation.ispartofseries№1 (154);Pages 135-153
dc.subjectазық-түлік белдеуіru_RU
dc.subjectазық-түлік қауіпсіздігіru_RU
dc.subjectауыл шаруашылығы өнімдеріru_RU
dc.subjectагрофермаларru_RU
dc.titleАстана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастырудағы агроөнеркәсіптік кешеннің экономикалық-географиялық ерекшеліктеріru_RU
dc.title.alternativeEconomic and Geographical Features of the Agro-Industrial Complex in the Formation of the Food Belt of Astana Cityru_RU
dc.title.alternativeЭкономико-географические особенности агропромышленного комплекса в формировании продовольственного пояса города Астаныru_RU
dc.typeArticleru_RU


Файлы в этом документе

Thumbnail

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию