Шаған көлінің соңғы 30 жылдағы гидроэкологиялық динамикасын ғарыштық және геоақпараттық әдістер арқылы зерттеу
Дата
2026-06-30xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Исследование гидроэкологической динамики озера Чаган за последние 30 лет с использованием космических и геоинформационных методов Study of the Hydroecological Dynamics of Lake Chagan over the Last 30 Years Using Remote Sensing and GIS Methods
Аннотации
Бұл зерттеу мақаласы Шаған көлінің кеңістіктік-уақыттық динамикасын талдауға арналған. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – 1995 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңдегі су айдынының аумақтық өзгерістеріне сандық баға беру және осы өзгерістерге әсер еткен климаттық детерминанттарды, сондай-ақ көлдің пайда болуына байланысты антропогендік факторларды анықтау. Зерттеу әдістемесі Landsat 5, 8 және Sentinel-2 ғарыштық деректерін қамтиды, олар Google Earth Engine (GEE) платформасында өңделіп, Normalized Difference Water Index (NDWI) есептелді. Нәтижелерді салыстыру ArcGIS Pro геоақпараттық жүйесіндегі Union Overlay кеңістіктік талдауы арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері көрсеткендей, отыз жыл ішінде көлдің су бетінің ауданы 17,3%-ға (1,82 км²-ден 1,50 км²-ге дейін) қысқарған. Бұл қысқару аймақтық климаттың жылынуымен және табиғи өзгерістердің артуымен тікелей байланысты. Жүргізілген зерттеудің мәні – Семей полигоны аумағындағы ерекше гидрогеологиялық нысанның экожүйелік тұрақсыздығын дәлелдеу және оның радионуклидтермен (тритий, плутоний) ластану жағдайындағы геоэкологиялық қауіпсіздігін бағалауға үлес қосу. Жұмыс нәтижелерінің практикалық мәні су ресурстарын орнықты басқару стратегияларын қалыптастыруда маңызды ғылыми-әдіснамалық негіз болады.
