Солтүстік-батыс Қазақстандағы масалар популяциясының қазіргі жағдайы
Дата
2025ISSN
2616-70342663-130Х
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Современное состояние популяции комаров в северо-западном Казахстане The current state of the mosquito population in North-West Kazakhstan
Аннотации
Мақала Солтүстік-Батыс Қазақстандағы масалардың фаунасын зерттеуге, бірқатар эпидемиологиялық қауіптілік белгілері бойынша масалардың неғұрлым қауіпті түрлерін есепке алуға, оларға қарсы күрес шараларын негіздеуге арналған. Солтүстік-Батыс Қазақстанда, атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2020 және 2024 жылдардың жазғы маусымдарында жүргізілген бұл жұмыстың мазмұны осы аймақтарда таралған әртүрлі экологиялық топтардағы жекелеген түрлердің түрлік құрамы мен экологиясын, оның ішінде масалардың аймақтық және тәуліктік белсенділігін анықтаудан, популяциялардың жас құрамы мен өмір сүру ұзақтығын, жұмыртқалау орындарын, қансорғыштардың ең көп шоғырланған жерлерін, масалардың ұшып шығу мерзімдерін анықтаудан құралды. Масалар – қан сорғыш буынаяқтылардың арасында практикалық тұрғыдан маңызы зор топтардың бірі: бұл жәндіктер адамға жабылатын қансорғыш қосқанатты жәндіктердің ішінде бірқатар ландшафттарда негізгі массасын құрап қана қоймай, адам мен жануарларға ортақ көптеген трансмиссивті ауру қоздырғыштарын тасымалдайды. Алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдамалар Солтүстік-Батыс Қазақстандағы масалар популяцияларының қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, өңір масаларының түрлік құрамы туралы мәліметтерді жаңа ақпараттармен толықтырады.
