Аннотации:
Қазіргі жағдайда кәсіптік білім беру ұйымының еңбек нарығының субъектілерінің институттармен, мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен, қоғамдық ұйымдармен тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру мәселесі өзекті болып
қала береді. Мұндай қатынастар жүйесі барлық қатысушылардың мүдделерін барынша
үйлестіру, оны есепке алу және ескеру негізінде бірлескен өзара тиімді қызмет мәселелерін шешуге арналған әлеуметтік серіктестік жүйесі болып табылады. Сондықтан,
әлеуметтік серіктестік қатысушы тараптардың (әртүрлі ұйымдар, осы ұйымдардың субъектілері, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар) өзара әрекеттесуінің түрі, оның
барлық қатысушыларының мақсаттарын келісу, өзара мүдделерді ғана емес, сонымен
бірге олардың сәйкес келмеу нүктелерін де анықтау арқылы өзара тиімді диалогтық
қатынастарды орнату арқылы консенсусқа қол жеткізумен сипатталады. Оның жүзеге асырылу деңгейіне байланысты білім берудегі әлеуметтік серіктестік белгілі бір
ерекшелігімен ажыратылады. Жоғары, орта және бастауыш кәсіптік білім беруде ол
түлектерді жұмысқа орналастыру немесе келісім-шарт, білім беру қызметкерлерінің
мүдделерін қорғау туралы келісімдерге қол жеткізу үшін өзара жеңілдіктер, ымыраға немесе мәмілеге келу, келіссөздер барысында қандай да бір мәселе бойынша ортақ шешімге
келуге негізделген идеологияның белгілі бір түрі ретінде қарастырылады. Кәсіптік білім
беру саласындағы әлеуметтік серіктестік білім беру бағдарламасының академиялық
сапа мен бітіруші түлектің жұмысқа орналасу мүмкіндігін біріктіріп, оны ары қарай
жетілдіруге, білікті мамандардың ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді. Әлеуметтік
педагогтың кәсіби құзыреттілігінің сапалық сипаттамасы ретінде серіктестікке дайындығы университетте кәсіби қалыптасу кезеңінде қалыптасады және оның тұлғалық,
танымдық және іс-әрекеттік компоненттерінің бірлігімен анықталады.