Аннотации:
Мақала кәсіби психологиялық денсаулық ұғымының теориялық негізін ашуға
арналады. Кәсіби психологялық денсаулық ұғымын кәсіби іс-әрекет пен еңбек әрекетінің
психологиялық аспектісінде түсіндірген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалады.
Әртүрлі авторлардың осы ұғымға берген анықтамалары мен түсініктері кестеде жүйелі келтіріледі. Кәсіби психологиялық денсаулық ұғымының тарихи аспектісі де қарастырылады. Мақалада кәсіби психологиялық денсаулық ұғымының көпжақты, күрделі
феномен екендігі сипаттала келе, оның адамның жалпы тұлғалық психологиялық денсаулықтың индикаторы болатындығын негізге алады. Автордың көзқарасы бойынша кәсіби психологиялық денсаулық түсінігі кәсіби іс-әрекеттің когнитивтік, эмоциялық және
тұлғалық аспектісі негізінде еңбек субьектісінің өз ісінен қанағат алуы, үйлесімділікті
сезінуі, кәсіби іс-әрекетті меңгеруде тепе-теңдіктің сақталуы, ұжымда көпшіл болуы,
іс-әрекетте позитивтіліктің болуы сияқты факторлар тұжырымдалады.