Аннотации:
Аталған мақала «Шетелдік тәжірибе негізінде мектепке дейінгі білім беру
мамандарының ғылыми-зерттеу даярлығының модификациясы» тақырыбындағы
ғылыми жоба аясындағы зерттеулер негізінде дайындалды. Жоғары оқу орындарындағы
мектепке дейінгі білім беру мамандарының ғылыми-зерттеу даярлығын модификациялаудың тұжырымдамасы, мақсаты, міндеттері, болжамы, әдістері, мазмұны және
оның нәтижелері мен маңыздылығы сипатталаған. Мамандар дайындаудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтауда педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, нормативтік-құқықтық құжаттарға, отандық және шетелдік тәржірибелерге талдау
жасалған. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу дайындығын модификациялаудың
тенденциялары мен оның маңызы анықталып, болашақ мамандарды даярлауда басшылыққа алатын идеялар мен тәжірибелер жүйесі қарастырылған.