dc.description.abstract |
Мақалада жапон дәстүрлі мәдениеті мен эстетикасының жапондықтар өмірінде алатын
орны қарастырылған. Кіріспе бөлімінде автор мәдениет түсінігіне тоқталып, оның анықтамаларына талдау
жасайды. Жапон дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында үш діни-философиялық арна – синтоизм, буддизм
мен конфуцийшілдік үлкен роль атқарады. Дәстүрлі эстетикалық ұстанымның фурюу, моно-но аварэ, ваби-саби және югэн түрлері жапон дәстүрлі мәдениетін түсінуге жол ашады. Ханами, цукими, юкими секілді ғажайыпқа сүйсіну мен көркемдік ойлау жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне назар салынған. Жапон түсінігіндегі
сұлулылық мәні – оның өткіншілігі мен қайталанбауында. Жапондықтардың ойынша, табиғатта көріксіз ештеңе жоқ, бастысы, заттың, құбылыстың сұлулығын көре білуге үйрену қажет. Соның негізінде қалыптасқан
дәстүрлі мәдениет түрлері – шай ішу салтанаты, сакураны тамашалау, икэбана және бақша өнерінің мәні,
тарихы, даму кезеңдері, негізгі ұстанымдары талдауға алынған. |
ru |