dc.description.abstract |
«Қазақ жері – қазақ халқының ғана емес бүкіл түркі дүниесінің
лабораториясы». Бүтін түркі дүниесінің өзегі қазақ жерінде сақталған. Бүгінгі таңда
қазақ қоғамының мәдениет саласындағы негізгі мақсаттарының бірі еліміздегі тарихимәдени мұра ескерткіштерін тиімді сақтау және белсенді пайдалану арқылы рухани
жаңаруды көздейді. Осыған орай, мақалада ескерткіштерді сақтау тарихы қарастырылып,
оларды сақтау мен қорғауға бағытталған ең алғашқы нормативтік құқықтық актілерге
сипаттама берілді. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген тарихи-мәдени
мұра ескерткіштері мен олардың жалпы жағдайы қарастырылып, бүгінгі күннің өзекті
мәселелері қозғалды. Қазіргі уақытта тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын
реттейтін халықаралық және ұлттық заңнама туралы ақпарат беріліп, осы бағытта жүзеге
асырылып жатқан шаралар талданды. |
ru |