dc.description.abstract |
Жаһандану процесінде әлемнің барлық елдері үшін маңызды болып табылатын -
интеллектуалды миграция, өзекті мәселе ретінде мақалада қарастырылады. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасы жаһандық процестің субъектісі ретінде аталған мәселеден тыс қала алмайды. Еліміздегі қазіргі
таңда білімді жастардың шетелге ағыны күн санап артуда. Ғылыми мақала интеллектуалды мигранттардың
бағытын, сипатын, мазмұнын анықтап, мемлекеттік саясат тетіктерін жетілдіру арқылы реттеу мәселесін
қарастырады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен қазіргі кезеңдегі елімізден кеткен білімді мамандардың
мамандық ерекшеліктеріне сапалық және сандық салыстырмалы талдау жасалады. Сонымен бірге мектеп
бітірген жас ақыл-ойдың шетелге кету мәселелері талданып, отандық ақыл-ой орталықтарын құру мен
жетілдіру қажеттілігі айқындалады. Зерттеудің нәтижесі ретінде еліміздегі зиялы жастарды қызықтыру жолдары ұсынылады. |
ru |