dc.description.abstract |
Бұл мақала Корей Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы OPEN бағдарламасының
пайда болуын, құрылымын, барысын анықтауға арналған. Корея - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы
қатаң сақтайтын ел. Дегенмен, мұның өзі жемқорлықтың әртүрлі түрлерін жоюға кепілдік бере алмайды.
Осы мәселеге байланысты Корей Республикасын басқарған бірқатар президенттердің заң аясындағы
жұмыстары бір бағытта болғанымен, бұл саясат әртүрлі уақыт ағымындағы тиімділігін айқын көрсетті.
Корей президенттері өз қызметінің түрлі кезеңдерінде мемлекеттік қызметте «кадрлық тазарту» жүргізіп,
қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізді. Жемқорлыққа қарсы күрес демократиялық реформалар
кезеңінде, жалпы жұртшылықтың қатысуымен Оңтүстік Кореяда азаматтық президенттер билігі тұсында
және елдегі жариялылық пен ашықтық белең алған кезде іске асырылды және нәтижесін берді. |
ru |