dc.description.abstract |
Мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдарынан бастап, қазіргі күнге дейінгі
рухани жаңғыру процесінде қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы мәселелері талданады.
Рухани жаңғыру процесі үш кезеңге бөлініп, нақты саяси жағдайлар қарастырылады. Саяси мәдениеттің
қоғамдағы азаматтардың саясатқа қатысуы мен белсенділігінің көрсеткіші ретінде нақты технологиялары мен
механизмдері көрсетіледі. Сонымен бірге, мақалада рухани жаңғырудың бірінші кезеңіндегі басты оқиғаларға
тоқтала отырып, алғашқы Президент сайлауын, халықтың алғашқы саяси мәдениетінің қалыптасуы,
еліміздің саяси өміріне қызығушылықтарының бастауы ретінде көрсетіледі. Екінші кезеңнің ерекшелігі
ретінде, сайлау туралы Заңындағы өзгерістер мен қоғамдағы саяси реформалар талданғанын айтуға болады.
Және де «Қазақстан-2030» стратегиясының уақытынан бұрын орындалуы мемлекеттің алдына жаңа мақсат,
жоспарларын қойды. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, алға
қойған мақсаттары қоғамдағы әрбір азаматқа міндеттер мен жауапкершілік жүктейтіні айтылады. Еліміздің
қарқынды дамуы жаңа саяси брендтер мен халықты жұмылдырудың жаңа трендтері ретінде әлеуметтік
желілер мен ақпараттық технология рөлінің мүмкіншілігі талданып, қорытындыда еліміздегі азамттардың
саяси мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда рухани жаңғырудың рөлі жоғары екені айтылып, осы мәселені шешудің бір жолы ретінде қоғамдық-саяси пәндерді оқыту арқылы халықтың саяси сауаттылығын жетілдіру негізінде саяси сана мен саяси мәдениетті жаңғырту мүмкіншілігінің жоғары екендігі туралы пікір білдіріліп, ұсыныс айтылады. |
ru |