Аннотации:
Бұл мақалада ресми түрде мойындалмаса да, әлемдік ядролық державалардың бірі
саналатын Израильдің ядролық қаруына талдау жасалады. Жойқын қаруға қол жеткізу тарихы мен оған
итермелеген жағдайлар және оның аймақтың геосаяси жағдайына тигізетін ықпалы мен ықтимал қатерлері
сипатталады. Айналасын қоршаған араб елдерімен соғыс жағдайында отырған еврейлер мемлекетінің
өз қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп отырғаны, осы уақытқа дейін болған бірнеше ірі соғыстарда қалай
жеңіске жеткені жан-жақты зерттеуді қажет ететін тақырып. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан
мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының позициясы - әлемнің ядролық қарусыздану болғандықтан
және Тәуелсіздік алған соң Қазақстан мен Израильдің арасында дипломатиялық байланыс орнағандықтан
еліміз үшін Израильдің ядролық бағдарламасы өте маңызды. Оған қоса, географиялық жағынан алғанда да
Израиль бізден шалғай жатқан мемлекет емес. Сондықтан да бұл тақырып бізді де алаңдату тиіс.