Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Транскапий тасымал бағытының бүгінгі жайы мен әлеуеті

Дата
2023Редактор
ISSN
2616-6887Аннотации
Мақалада ағымдағы геосаяси ахуал жағдайында ерекше геоэкономикалық мәнге ие болып отырған Транскаспий халықаралық көлік бағытының жай-жапсарын талдау мақсаты қойылған. Бүгінгі күні Украина соғысына байланысты Ресейге салынған
санкциялардың нәтижесінде Еуропалық Одақта орын алған энергетикалық дағдарыс
пен Қазақстанның тасымал саласындағы бір елге тәуелділігінің жағымсыз әсерлері бұл
дәліздің мәнін ерекше көтеріп отыр. Қазақстан басшылығының сыртқы экономикалық
байланыстар жолдарын әртараптандыру әрекеттері және Еуропалық Одақтың энергия көздерімен қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін іздестіру саясатындағы бұдан
арғы қадамдар осы дәліздің әлеуетінің артып, барынша іске қосылуына ықпал етеді деп
ойлауға негіз бар. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі саясатын толығымен қолдай отырып, оның
«жаһандық қақпа» жаңа бағдарламасына сәйкестігін атап өтеді.
