Аннотации:
Мақалада күмбез атауының қайдан пайда болғаны және киіз үйдің
күмбез бетіне қатысы барын қарастырдық. Сонымен қатар күмбез бетті
жобалаудың жаңа түрі көрсетілген. Бұл зерттеуде биквадратты түрлендірудің
графикалық үлгісін пайдаланып, түрленетін түзу сызықтың, яғни n прообраздың
әр нүктесі күмбез бетінің қимасын құрайтын нүктелерге түрленеді, ал түрленіп
отырған түзу сызық күмбез бетінің қимасын береді. Содан соң табылған күмбез
бетінің осы қимасын Оx2 тік қимасына қатысты айналдырып, іздеп отырған
күмбез бетін аламыз. Алынатын күмбез беті алдын ала талаптарға сәйкес жобалау
кезінде қиманың пішімі мен өлшемдері беріледі. Сондықтан күмбез беттінің
қимасын, яғни күмбезді қисық беттің жобасын жобалау кезде ұсынып отырған
биквадратты түрлендіру әдісі жобалаушыларға тәжрибелік тұрғыдан оңай және
жеңіл әдіс болып табылады. Бұл ұсынып отырған әдіс өзінің қарапайымдылығымен
әр түрлі осындай қисық беттерді және инженерлік есептерді шешуге арналады.