Репозиторий Dspace

Астана қаласының көлік түйіндерінде қозғалысты басқару тиімділігін арттыру мәселелері

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Жандарбекова, А.М.
dc.contributor.author Арпабеков, М.И.
dc.contributor.author Мурзабекова, К.А.
dc.date.accessioned 2023-08-10T09:54:13Z
dc.date.available 2023-08-10T09:54:13Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-7263
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/4555
dc.description.abstract Қазіргі таңда көлік кептелістері Астана қ. көше-жол желісінде қозғалысты басқарудың ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Қаланың көптеген көшелері (даңғылдары) көлік кептелістерінің жүйелі туындауымен сипатталады. Көлік кептелістерінің ұлғаюы, көлік құралдарының жоғары тығыздығы мен қозғалыс қарқындылығы көше-жол желісі қызметінің тиімділігін төмендеуіне әсер етіп, жол апаттары туындауының негізгі себептерінің біріне айналды. Бұл жағдай әсіресе көше-жол желісінің көліктік түйіндерінде (қиылыстарында) жиі орын алады. Көше қиылыстарындағы қозғалыс кідірістерінің әсері кептелістердің жиі туындауына, қатынас жылдамдығының төмендеуіне, жанармайдың негізсіз артық тұтынылуына және көлік құралдарының түйіндері мен агрегаттарының тозуына әкелетіні белгілі. Қалалық бюджетте қаражат тапшылығы жағдайында жол қозғалысын ұйымдастырудың өзекті әдістерінің бірі көлік ағындарын басқару тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл мақалада Астана қ. Қабанбай батыр мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында қозғалыс кідірістерін азайту, көлік ағындарының ең ұтымды таралуын қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам нысанын басқару тиімділігін арттыру мәселелері Қарбалас уақыт кезеңдерінде қозғалыс қарқындылығын анықтау бойынша шынайы бақылаулар арқылы зерттеу нәтижелері алынды, Қабанбай батыр мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында фазалық тарату сұлбасы және бағдаршам нысаны жұмыс режимін түзетуге негіздеме жасалды. Оның негізінде бағдаршамдық реттеу циклі құрылымының өзгеруімен сол жақ бұрылысты бөліп, көлік ағындарының ең ұтымды таралуын қамтамасыз ететін ұсыныстар жасауға мүмкіндік бар. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject көше-жол желісі ru
dc.subject көлік құралдары ru
dc.subject көлік түйіні ru
dc.subject көше қиылысы ru
dc.subject бағдаршам нысаны ru
dc.subject бағдаршамдық реттеу циклі ru
dc.subject қозғалыс қарқындылығы ru
dc.subject қозғалысты басқару ru
dc.subject көлік ағыны ru
dc.title Астана қаласының көлік түйіндерінде қозғалысты басқару тиімділігін арттыру мәселелері ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись