dc.description.abstract |
Еуразиялық идея теория секілді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тәжірибе жүзінде
осы ғасырда жүзеге асады. Л.Н. Гумилев атындағы университетінің қабырғасында Еуразиялық Одақ аясында
қызмет атқаратын заңгер-халықаралық құқық кадрларын дайындау үшін базалық университетті қалыптастыру
идеясының бар екендігі, және бір кездері орындалмайтындай болып көрінгенімен оның да шынайы
түрде жүзеге асып келе жатқандығы қуантады. Авторлар бүгінгі жаһандану дәуіріндегі континенттердің
интеграциялық қарым-қатынастарға талпынуға жасалған алғашқы қадам туралы айта келе, оның ішінде
нақтырақ Еуразиялық Одақ аясында қызмет атқаратын заңгер-халықаралық құқық кадрларын дайындау үшін
базалық университетті қалыптастыру мәселелеріне кеңірек талдау жасайды. Бұрынғы үстемдік құрған екі
жүйенің арасындағы даму үрдісі, бәсекелестіктің (экономикалық, саяси, қарулану мәселелері бойынша)
болғаныда өз ықпалын тигізбей қойғаны жасырын емес. Саяси мәселелердің де салмақ басатын тұстары
басым, бірақ қазіргі заманауи интеграциялық дамудың жаңа белесінде Еуразиялық Одақтың атқаратын
ролін және осы аталмыш ұйым аясында қызмет атқаратын заңгер-халықаралық құқық кадрларын дайындау
мақсатындағы базалық университетті қалыптастыру бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырғандығын да дәл
уақытында, әрі орынды алға тарта білген. |
ru |