dc.description.abstract |
Қазақстан Республикасының сот билігі, мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып
табылады. Қазақ мемлекеттілігінде сот билігінің даму тарихын кезеңімен қарастыруға болады. Бірінші кезең
– қазақ даласындағы билер соты кезеңі. Екінші кезеңі – «Қазақ елінің Ресей империясына қосылғанға дейінгі
аралықта қызмет атқарған билер институты көшпелі халықтың саяси өміріне тән ең тиімді құқықтық тәртіп
сақтаушы билік түрі болып табылады. Үшінші кезеңі – «1920 жылы 26 тамызда Қазақ Автономиялық Кеңестік
Социалистік Республикасы» өз алдына отау тігіп, түпкілікті дербес тәуелсіз мемлекет болуымызға дейінгі сот
билігі. Жалпы бүгінгі күнге дейін сот жүйесіндегі саяси өзгерістер мен толықтырулар уақыттың талабымен
жүзеге асырылып келеді. Қысқасы, өз заманының саяси кемеңгерлері сот билігінің ішкі саясаттағы бар
мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, қоғамдық әділеттілікті сақтау, ел арасындағы алауыздықты тиюмен
қатар ел басқару ісін жақсартуды күн тәртібіне қоюды міндеттейді. |
ru |