dc.description.abstract |
Аталған мақала қоршаған ортаны қорғау мақсатында климаттың өзгеруіне бейімделу аясында парниктік газдарды шектеу және қысқартудың халықаралық және ұлттық заңнамаларының қолдануы, шетел мемлекеттері заңнамаларын жүзеге асырудың кейбір тәжірибесін зерттеуге
арналған.
Автор халықаралық құқық нормаларын, ұлттық заңнаманың нормаларын ескере отырып,
аталған мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
ХХІ ғасырдың бүкіл әлемдегі экологиялық қауіпсіздік мәселесінің бірі жаһандық жылыну
қоршаған ортаға адамзаттың антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері, яғни ғылыми –техниканың қарыштап дамуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей
ықпал етеді, бірақ қоршаған ортаға зиян тигізіп келеді.
Қазақстан Париж келісімінің нормаларына сәйкес, халықаралық міндеттемелерді орындауда парниктік газдар шығарындыларын түгелдеу, деректерді жүйелендіру, жоспарлау іс-әрекеттерді жүзеге асырудың құқықтық механизмін жетілдіруге бағытталған. |
ru |