Аннотации:
Мақалада еңбек құқығының арнайы субъектісі -
фармацевтердің еңбектік құқықтық статусы туралы жазылған.
Қазақстанда осы категориядағы қызметшілердің еңбегіне
қатысты ғылыми жұмыстардың жоқтың қасы екендігін,
олардың құқықтары мен міндеттеріне, қызметтік
нұсқауларына, жалақыларына және ынталандыру төлемдеріне,
әсіресе осылар туралы Қазақстан Республикасының «Халықтың
денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» Кодексінде көп
олқылықтар мен жетіспеушіліктер бар екендігін еске ұстай
отырып, көңіл бөлінді. Фармацевтердің құқықтары мен
міндеттерінің көпшілігі медицина қызметкерлерінің
құқықтары мен міндеттерімен араласып кеткендігінен,
олардың ерекшелігін бөліп алу қиынға соғады. Оған қоса,
фармацевтердің жалақысы өте төмен болғандықтан, автор оны
жұмыс берушінің актілерімен белгіленген ынталандыру
төлемдерімен көтеруге болатынын негіздеген. Қазіргі таңда
фармацевтикалық кәсіпорындарда, аптекаларда сыйақы және
басқа да ынталандыру төлемдері туралы ережелердің
қабылданбағанын, ұжымдық шарттарда фармацевтерге емес,
басқа медициналық қызметкерлерге қатысты еңбек
жағдайларын жасауға, жалақыларын көбейтуге баса назар
аударуын есепке ала отырып, фармацевтердің еңбегін, өмірі
мен денсаулығын сақтау үшін көптеген шаралар қабылдануы
керектігі айтылған. Оған қоса, ақырғы кезде фармацевтердің
еңбек ету көлемі ұлғайып келеді, өйткені олар пациенттерге
тауарларды тек қана сатып қоймай, олардың адам ағзасына
қалай әсер ететіндігі, дәрігерлердің рецептпен берген
дәрілерінің сипатын, рецептурасыз босатылатын дәрілердің
қажеттілігін айтады. Яғни, дәрілермен жұмыс жасаған кезде
(кейде провизорларға дәрі жасауға көмектеседі), өз
денсаулықтарына зиян келуін біле тұра, уланулары мүмкін.
Сондықтан, көп зерттеушілер олардың еңбегін зиянды,
шиеленіс, ауыр жұмыстар қатарына жатқызады.
Фармацевтердің еңбек құқығы мен міндеттерін құқықтық
реттеуде кейбір баптарға қосымша толықтырулар берілді.