DSpace Repository

Көшпенділер мәдениеті және серілік дәстүр (XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы)

Show simple item record

dc.contributor.author Ази, Есентүгел А.
dc.contributor.author Аралбай, Сәкен М.
dc.contributor.author Куразова, Құралай И.
dc.date.accessioned 2023-08-14T04:55:08Z
dc.date.available 2023-08-14T04:55:08Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-7255
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/4721
dc.description.abstract Бір ұлтты екінші ұлыстан ерекшелеп, ұлттың ұлт екенін айшықтап тұратын салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ырым-тиым, ұлттық ойын, дәстүрлі өнер, музыкалық мұралары болары ақиқат. Бұл жағынан қазақ халқы ештеңеден кенде емес. Қазақтың осынау рухани, мәдени, әдеби мол мұралары осы жұрттың ежелден қалыптасып келе қалған көне тайпа, ғасырлар қойнауынан шым тартып жатқан бағзы көшпенділердің ізбасары екеніне куә. Қай заманда болмасын әр ұлттың келешек ұрпағының санасына құйып, оларды елін, жерін қорғайтын батыр, ер қылып тәрбиелеудің өзіндік құндылықтары және мәдениеті болғаны ақиқат. Өйткені, ел болашағы жастардың болмысын, ұлттық психологиясын бабалардан жеткен жолмен, яғни имандылық, адамгершілік сияқты киелі мұралармен етене араластыра отырып, ұрпақтың санасына сәуле шашу, сол ұлттың ертеңін дамыту үшін қажет дүние. Ал, бүгінгі таңда бұл қазақ халқының руханияты үшін маңызды істердің бірі. Сайын дала төрінде шашырап жатқан, жинақталмай жады мықты қариялардың жадында тұрған, ұлттық құндылықтарымызды, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен тарихи тұлғаларымыздың мұраларын, шығармаларын мейлінше насихаттап, сол арқылы келешек жастарға ұлттық бағытта тәлім-тәрбие беру кезек күттірмейтін іс деп ойлаймыз. Осы себепті, даналармыз бен ақын-жырауларымыздың кесек сөздерін насихаттауды молайтып, жастардың санасына мейлінше сіңіріп, салт-дәстүрмен астастыра отырып, бесіктен тәрбиелеуді қолға алған жөн. Орта Азиядағы іргелі елдің салт-дәстүрі, ғұрпы көне замандарға сүйрейтіні анық. Ендеше мәдениеті де сол замандардан бастау алады деген сөз. Сондықтан қазақтай танымы терең жұрттың өзге этностардан ерекшеленіп тұратын әдеп-ғұрып, салтдәстүрлерін оның мәдениетімен астастырып жарқырату мақсат. Мақалада қазақ халқы мәдениеті, өнері, сан қырлы өнерпаздары ерекше көркемдік құбылыс ретінде талданып, олардың жалпы және айрықша көріністері қазақтың тарихи жолын көрсететін көшпенділер мәдениетінің дәстүрлі өнерінің үлгілері талқыланған. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject қазақ мәдениеті ru
dc.subject көшпенділер ru
dc.subject өнер ru
dc.subject салт ru
dc.subject дәстүр ru
dc.subject әнші ru
dc.subject жыршы ru
dc.subject сері ru
dc.subject сал ru
dc.title Көшпенділер мәдениеті және серілік дәстүр (XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы) ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account