dc.description.abstract |
Мақалада өзгермелі қоғам жағдайында болашақ мамандарға қойылатын
талаптардың үнемі өзгеріп, қазіргі таңда soft skills дағдыларының өзектілігі
мен маңыздылығы қарастырылған. Авторлар отандық және шетелдік ғылыми
педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде soft skills, hard skills дағдыларының
зерттеліну жағдайына талдау жасаған. Soft skills дағдыларының әлеуметтік
педагогтар үшін маңыздылығын айқындау мақсатында маман иелеріне қойылатын
міндеттер мен қызметтері сараланған. Мақала төңірегінде soft skills дағдылары кәсіби
қызметте жетістікті қамтамасыз ететін фактор ретінде қарастырылды. Шетел
ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес soft skills дағдыларының ерекшеліктері, түрлері
мен құрылымдары анықталды. Маман даярлауда soft skills дағдыларын дамытудың
шетел тәжірибелері талданып, дамыту жолдары анықталды. Отандық ЖОО-да
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттерінің soft skills
дағдыларына көзқарастары мен қатынастары зерттелді. Зерттеу жүргізу барысында
soft skills дағдыларын теориялық талдау арқылы олардың нақты математикалық
өлшемдерге сәйкес келмейтін гуманитарлық қырларына байланысты оларды бақылау
және өлшеу қиын екенін анықтадық. Теориялық талдау мен зерттеу нәтижелерін
саралай келе, авторлар болашақ әлеуметтік педагогтарда soft skills дағдыларды дамыту
арқылы кәсіби қызметке оң әсер ететін артықшылықтары айқындалды. |
ru |