Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Педагогика. Психология. Социология
  • Выпуск 2023, №2 (143)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Педагогика. Психология. Социология
  • Выпуск 2023, №2 (143)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

Орталық Азиядағы халық әл-ауқатының жақсаруы: салыстырмалы талдау

Thumbnail
Автор
Смағамбет, Б.Ж.
Айқынбайқызы, А.
Дата
2023
Редактор
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ISSN
2616-6895
Аннотации
Мақалада Орталық Азия елдеріндегі халықтың әл-ауқатының деңгейін бағалаудың өзекті мәселесі қарастырылған. Халықтың әл-ауқатының деңгейін өлшеудің теориялық, әдістемелік және қолданбалы аспектілері талқыланады. Халық әл-ауқатын үш концепциялық әдіс аясында, яғни әлеуметтік-нарықтық, әлеуметтіктеңгерімді және әлеуметтік-либералды – тұжырымдап, жаппай игілікті мемлекетті қалыптастыру теориясының эволюциясы ұсынылады. Объективті, субъективті және аралас әдіснамалар сипатталып, макроэкономикалық индикаторлар (Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ТМД елдерінің мемлекетаралық статистикалық комитеті) мен тұлғаның өз материалдық жағдайын, әлеуметтік капиталын бағалауы негізіндегі көрсеткіштерге (Әлемдік құндылықтар зерттеуі, Еуразиялық барометр) негізделген мәліметтер сараланады, бақыт категориясы аясындағы талқылауға шолу жасалады. Осылайша, қарастырылып отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық саладағы саясаттың концептуалдық іргетасы зерделенеді. Мақалада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі үлгілері талданады; статистикалық деректер негізінде Орталық Азия елдерінің өмір сүру деңгейі мен сапасының негізгі факторларына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Түркіменстанда халық әл-ауқатын сипаттау мақсатымен халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, кедейлік деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, халықтың орташа айлық атаулы еңбекақысы, үй шаруашылығының ақшалай шығыстарының құрылымы, білім беру және денсаулық сақтау салаларының деңгейі, әлеуметтік қорғау деңгейі, индивидтің өз әл-ауқатын бағалауы сияқты критерийлер мен көрсеткіштер анықталған. Зерттеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер мен халықтың өз әлеуметтік-экономикалық жағдайын субъективті бағалауындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Талдамалық жұмыс жасау барысында мәліметтердің толық және қолжетімді болмауы егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауды қиындатты.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/4750
Открыть
ЕНУ+хабаршысы+Педагогика+Психология+Социология-434-442.pdf (667.4Kb)
Collections
  • Выпуск 2023, №2 (143)[19]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты