Аннотации:
Y LiF4 кристалдарына сирек кездесетiн жер иондары қоспаларын енгiзгенде
болашағы зор, қолдану аясы кең сцинтилляциалық кристалл ретiнде көзге түседi. Y LiF4
кристалдары туралы мағлұматтар көп болса да, жарық шығару механизмдерi туралы
ақпараттар айқын әрi толық емес. Мақалада «таза» Y LiF4 кристалдарының импульстiк
катодолюминесценциясы зерттелдi. ИКЛ спектрi 15-тен 300 К температура аралығында
өлшенген. 2 – 3,8 эВ аймақта люминесценцияның болуы, кристалды өсiру кезiнде енiп
кеткен қоспалардың себебiнен болуы мүмкiн. Мұндай қорытындыға негiз болып, осындай
аймақтағы спектрдiң қиын сипаты, кристалдың бастапқы күйiне тәуелдiлiгi, сирек кездесетiн
жер иондарына тән жұқа сызықтардың спектрiнде болуы - Y LiF4 кристалындағы ең ықтимал
қоспалар негiз болады.