Аннотации:
жерсерiктердiң топтық ұшуын басқарудың тиiмдi алгоритмiнiң параметрлерiн
таңдау кезiнде бақылау мәндерiнiң шектеулерiн ескеру қажет. Басқару алгоритмiнiң
параметрлерi ауытқу траекториясы векторының қанығуын алдын алу мақсатында нақты
болуы қажет. Әрi қарай, өтпелi үдерiстiң маңызды сипаттамасы жинақталу жылдамдығы
болып табылады. Басқару параметрлерiн қолайлы аймақтан таңдап, траекторияның қателiк
теңдеуi үшiн тұрақтылықтың максимал деңгейiн қамтамасыз ету қажет. Бұл мақалада
өтпелi үдерiс кезiнде траекторияның берiлген ауытқулары және жинақталу жылдамдығын
барынша көбейту үшiн қанығудың болмауын қамтамасыз ету тұрғысынан таңдаулы алгоритм
параметрлерi келтiрiлген. Топтық ұшуды осы параметрлермен бақылау зерттеледi. Сондайақ, басқарылатын қозғалыстың сандық зерттеуi жүргiзiледi. Ұсынылатын модельдеу
Жердiң гравитациялық өрiсiнiң екiншi гармоникасын және атмосфералық тығыздық моделiнiң
дәлсiздiгiн ескередi.